Шығыс Қазақстан облысында осыдан үш күн бұрын қашып кеткен әскери қызметкер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ұлттық гвардиясының "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің мәліметінше, әскери Знаменск ауылында ұсталды.
"ҚР ІІМ Өңірлік әскери-тергеу басқармасы Қылмыстық кодекстің 441-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Осы дерек бойынша қызметтік тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Еске салайық, мұның алдында ШҚО-да әскери қызметкерге іздеу салынғаны хабарланған еді.