$ 447.4  477.55  4.76

Коронавирус жұқтырғандардың иіс сезу қабілеті төмендеп, басы ауыра ма?

Бас ауруы өлімге алып баратын аурулардың бірінің симптомы болуы мүмкін.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Мамандар коронавирусқа шалдыққан адамдардың бойында байқалатын қосалқы ауру белгілерін атады, деп хабарлайды Stan.kz.

Бас ауруы өлімге алып баратын аурулардың бірінің симптомы болуы мүмкін.

Бұл туралы «Российская газета» басылымы жазыпты.

Зерттеу қорытындыларына сәйкес, коронавирус жұқтырғандардың көбі бас ауруына шалдыққанын айтып шағымданған. Індеттің ошағына айналған Ухань қаласында сырқаттанғандардың сегіз пайызы инфекция жұқтырған алғашқы күндері бас ауруының қайтпай тұрғанын жеткізіпті. 

Сондай-ақ науқастар бастары жиі айналатындығы мен иіс сезу қабілетінің жоғалғандығын айтқан. Мұнымен бірге дәрігерлер мазасыздық мен алаңдаушылық коронавирустың жиі кездеспейтін белгілері екендігін анықтаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары