$ 494.87  520.65  4.91

Қарағанды облысындағы коронавирус жұқтырған үш науқастың жағдайы ауыр

Барлық жұқтыруы мүмкін адамдарды анықтау үшін мұқият эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде. Вирус жұқтырған адамдармен байланыста болғандар оқшауланған.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Қарағанды облысында 6 сәуір күні тағы 16 адамнан COVID-19 анықталды. Вирус жұқтырғандардың барлығы – коронавирустан қайтыс болған адамның отбасы мүшелері және онымен байланыста болғандар. Олардың барлығы індетке қарсы қауіпсіздіктің қажетті шараларын сақтай отырып оқшауланған және ем қабылдауда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Сoronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағанды облысында 6 сәуірдегі жағдай бойынша коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны – 48. Үш науқас реанимацияда ауыр халде, олардың біреуі басқарылатын тыныс алуда жатыр. Тағы үшеуінің жағдайы – орташа ауыр деңгейде.

Барлық жұқтыруы мүмкін адамдарды анықтау үшін мұқият эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде. Вирус жұқтырған адамдармен байланыста болғандар оқшауланған.

Қарағанды облысында үй карантинінде 1 346 адам жатыр. 862 пациент тәулік бойы бақылауда, оның ішінде 48-і инфекциялық стационарда.

Пневмония мен ЖРВИ-ға күдігі бар науқастарды емдеу үшін облыс қалаларында пульмонологиялық орталықтар ашылды. Вирустық инфекциямен ауыратын науқастарға мамандандырылған жедел бригадалар қызмет көрсетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары