Reuters агенттігінің ақпаратынша, Қытайда коронавирус жұқтырғандар қайта көбейе бастаған, деп жазады Qamshy.kz.
Қытай Ұлттық Денсаулық Комиссиясының бүгінгі жасаған мәлімдемесінде кеше 78 жаңа асимптоматикалық жағдай тіркелгені айтылды. Одан бір күн бұрын 47 вирус жұқтырушы тіркелген.
Қытайда ақпанда коронавирус жұқтырушылар санының арту қарқыны шегіне жетіп, кейін бәсеңдей бастаған. Алайда кешеден бастап (жексенбі күні) қайтадан көбейе бастағаны байқалуда.