$ 448.15  483.46  4.86

Қарағандыда 1 айға толмаған шақалақ қоқыс жәшігінен табылды

Ауладан өтетіндердің қарасы қалың.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қарағандыда бір айға толмаған шақалақты қоқысқа тастап кеткен көкек ана ұсталды. 22 жастағы азаматтың үстінен адам өлтіруге әрекет жасау бабымен іс қозғалып, қамауға алынған. Қазір оның бұл қадамға неліктен барғаны анықталып жатыр, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

Шақалақ өткен сенбіде ауладағы қоқыс жәшігінен табылған. Оны қоқыс ақтарып жүрген қаңғыбас көріп, алып шығыпты. Ауладан өтетіндердің қарасы қалың. Ал кешқұрым табылған қыз баланың қоқыс жәшігіне тал түсте тасталғаны анықталды. Өйткені жұқа көрпешеге оралған сәби қатты тоңбаған. Шақалақты осы үйдің бір тұрғыны үйіне алып кіріп, жылы жөргекке орап, дәрігерлердің қолына тапсырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары