$ 498.34  519.72  4.85

32 мыңнан аса отбасы жалға берілетін және кредиттік пәтерлермен қамтамасыз етіледі

Оларды іске қосу тұрғын үй құрылысында  қазақстандық үлесті 95%-ға арттыруға және 8 мыңдай жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
фото: sputniknews.kz
фото: sputniknews.kz

 Асқар Мамин 15 млн шаршы метр тұрғын үйдің салынуы мен берілуін қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 15 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары, аз қамтылғандар мен жастар, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері қатарынан 32 мыңнан аса отбасы жалға берілетін және кредиттік пәтерлермен қамтамасыз етіледі.  

«Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдікті несиелеу бағдарламасы аясында қазіргі кезде отандық құрылыс индустриясы бойынша 178 млрд теңгені құрайтын 33 жоба іске асырылып жатыр (шыны, арматура, санфаянс, керамика тақташалары, лак бояуларын шығару). Оларды іске қосу тұрғын үй құрылысында  қазақстандық үлесті 95%-ға арттыруға және 8 мыңдай жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. 

«Қазіргі жағдайдағы  Үкіметтің ең маңызды міндеті – құрылыс қарқынын ұлғайту, халықты тұрғын үймен қамту, жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру.  Бүгінде құрылыс саласында шамамен 700 мың адам жұмыс істейді», — деп А. Мамин, құрылыс саласының экономиканың негізгі драйверлерінің бірі екенін атап өтті. 

Премьер-Министр құрылыс маусымын уақытында бастауды, жоспарланған тұрғын үй көлемін беруді және бөлінген қаражаттың толық игерілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Үкімет басшысы әкімдерге құрылыстың жедел қарқынын қамтамасыз етуді, қаржыландыру жоспарларын түзетуді және бұған дейін мәлімделген мерзімдерді қайта қарауды, сондай-ақ құрылыстың мәлімделген көлемі бойынша барлық жобалық құжаттаманы әзірлеуді аяқтауды тапсырды. 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары