$ 494.87  520.65  4.91

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болған шенеунік жаңа қызметке тағайындалды

«Құрмет» ордені және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының медальдарымен марапатталған.
фото: kyzylorda-news.kz
фото: kyzylorda-news.kz


Таяуда ғана Қызылорда облысының әкімінің орынбасары болған Серік Сүлейменов, президенттің өкімімен «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Мемлекет басшысының өкімімен Серік Жүсіпұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі қызметіне тағайындалды", - делінген Ақорданың баспасөз қызметі жариялаған хабарламада.

Серік Сүлейменов Алматы қаласының тумасы, 1966 жылы дүниеге келген. Мамандығы бойынша құқықтанушы.
«Құрмет» ордені және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының медальдарымен марапатталған. Ол көптеген мемлекетті лауазымды қызметте жұмыс істеген. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары