$ 443.37  474.49  4.83

ІІМ қызметкерінің коронавирус жұқтырғаны расталды

Жағдайы тұрақты.

ІІМ қызметкері коронавирус жұқтырған. Бұл туралы ІІМ басшысының орынбасары Юрий Ильин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Бізде коронавирус жұқтыру жағдайы болды. Бір қызметкерден коронавирус анықталды, ол қазір ем алып жатыр. Жағдайы тұрақты. Қызметін атқару барысында 530-дан аса адаммен байланыста болған", - деді ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Нұр-Сұлтанда өткен онлайн брифинтгте.

"Бүгінде шамамен 30-ға жуық адам стационарға жатқызылды. 80-ге жуық адам карантинде үй жағдайында. Көбі ауруханадан шығарылды, жұмысын жалғастырып жатыр", - деді Ильин.

Оның айтуынша, ІІМ қызметкерлері ішінде коронавирустан қайтыс болып, ауыр жағдайда жатқандар жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус