ІІМ қызметкері коронавирус жұқтырған. Бұл туралы ІІМ басшысының орынбасары Юрий Ильин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Бізде коронавирус жұқтыру жағдайы болды. Бір қызметкерден коронавирус анықталды, ол қазір ем алып жатыр. Жағдайы тұрақты. Қызметін атқару барысында 530-дан аса адаммен байланыста болған", - деді ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Нұр-Сұлтанда өткен онлайн брифинтгте.
"Бүгінде шамамен 30-ға жуық адам стационарға жатқызылды. 80-ге жуық адам карантинде үй жағдайында. Көбі ауруханадан шығарылды, жұмысын жалғастырып жатыр", - деді Ильин.
Оның айтуынша, ІІМ қызметкерлері ішінде коронавирустан қайтыс болып, ауыр жағдайда жатқандар жоқ.