09.04.2020, 17:00

Қазақстандық 8 банк төлем картасын онлайн түрде алуға болатын мүмкіндік жасады

Ескеріңіз, банктер картаны 1-2 күнде дайындайды.

Қазіргідей төтенше жағдай кезінде төлем картасына банк бөлімшелеріне бармай-ақ, тез және тегін тапсырыс беруге болады. Бүгінде қашықтан тапсырыс беру және банк карталарын үйге жеткізу қызметтерін еліміздің бірнеше банкі ұсынып отыр. Ол үшін белгілі бір банктің клиенті болу қажет емес. Сіз қандай да бір банкке карталық шотты тіркеп, ашқан сәттен бастап клиент боласыз.

Картаны алу үшін мұндай қызметтерді ұсынып отырған төмендегі сегіз банктің бірін таңдаңыз. Олар Halyk Bank, Jysan Bank, Eurasian Bank, Altyn Bank, Хоум Кредит Банкі, Сбербанк, Forte Bank және АТФБанк.

Төменде осы банктерде карта ашу және тіркеу бойынша нұсқаулығы көрсетілген сілтемелер берілген. Сілтеме арқылы өтіп, әр банктің шарттарымен танысуды ұсынамыз. Сондай-ақ, картаға мобильді қосымша арқылы тапсырыс беру өте ыңғайлы. Банкті таңдап, оның мобильді қосымшасын жүктеңіз және нұсқаулық бойынша әрекет етіңіз.

Ескеріңіз, банктер картаны 1-2 күнде дайындайды.

Halyk Bank

Карталарды қашықтан жасау және жеткізу қызметін ұсынады. Банктің жаңа клиенттері Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары бойынша үйге жеткізу қызметіне сайт арқылы тапсырыс бере алады. Банкт клиенттері немесе бұрын клиенті болған тұлғалар (яғни, оның жеке мәліметтері банк базасында сақталған) бұл қызметті мобильді қосымшада жасай алады және оларға бұл қызмет бүкіл Қазақстан бойынша қолжетімді. Байланыс деректері енгізілгеннен кейін, сізге қосымша ақпараттарды анықтау және жеткізу мекен жайын нақтылау үшін банк менеджері хабарласады.

https://halykbank.kz/bonuscard

Jysan Bank 

Алгоритм өте қарапайым. Мобильді қосымшаны жүктеп алғаннан кейін белгілі бір картаны таңдап, тапсырыс беру және алу тәсілінде «жеткізу» деген нұсқаны басасыз және жеткізу мекен жайын көрсетесіз. Қызмет әзірге, Алматыда және Нұр-Сұлтанда қолжетімді, бірақ көп ұзамай басқа қалаларда да іске қосылады.

https://jysanbank.kz/ru/news/dostavka-platezhnykh-kart-jysan-bank.

Eurasian Bank

Өтінімді сайтта немесе мобильді қосымшада ресімдеуге болады. Байланыс деректері енгізілгеннен кейін, сізге қосымша ақпараттарды анықтау және жеткізу мекен жайын нақтылау үшін менеджер хабарласады. Қызмет әзірге, Алматыда және Нұр-Сұлтанда қолжетімді, бірақ көп ұзамай басқа қалаларда да іске қосылады.

https://eubank.kz/cards/

Altyn Bank

Банктің Altyn-i мобильді қосымшасы арқылы тіркелу әрекетінен кейін Samsung Pay және Apple Pay сервистеріне қосуға болатын виртуалды карта ашуға болады. Әлеуметтік жәрдемақыны да осы картамен алуға болады. Өйткені, тіркелгеннен кейін бірден банк шоты тегін ашылады. Жақын арада банк пластикалық карталарды Қазақстанның барлық аймағына жеткізуді қайта қолға алмақ.

https://altyn-i.kz/app.html

Хоум Кредит Банкі

Картаны сайтта тапсырыс беруге болады, содан кейін мәліметтерді анықтау және жеткізу мекен жайын нақтылау үшін сізге банк маманы хабарласады. Қазіргі уақытта жеткізу қызметі Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Шымкент, Тараз, Қарағанды, Қызылорда, Көкшетау, Павлодар, Семей, Жезқазған, Қостанай, Өскемен, Орал және Петропавл қалаларында жұмыс істеп тұр.

https://homecredit.kz/landing/homecard/

Сбербанк 

Картаны сайтта да, мобильді қосымшада да тапсырыс беруге болады. Өтінімді ресімдегеннен кейін сізге барлық мәліметтерді нақтылау мақсатында банк менеджері хабарласады. Жеткізу қызметі барысында курьер тұлғаның жеке басын растау үшін сізді және құжатыңызды суретке түсіреді де деректерді банкке береді. Бірақ уайымдамаңыз, банк сіздің деректеріңіз сырт адамдардың қолына түспейтініне кепілдік береді.

https://www.sberbank.kz/ru/debit_cards

Forte Bank

Карта ашуға арналған өтінімді сайтта немесе мобильді қосымшада қалдыруға болады. Байланыс деректерін толтырғаннан кейін сізге банк маманы хабарласады. Карта сізге курьерлік қызметпен жеткізіледі. Картаны алған кезде жеке басын растап, шартқа қол қою қажет болады.

https://bank.forte.kz/cards/qcards-form?card=classic&_ga=2.61381100.1757062620.1586317961-117250584.1585199309

АТФ Банк 

Картаны сайтта да, АТФ24 мобильді қосымшасында да тапсырыс беруге болады. Сауалнаманы толтырғаннан кейін барлық мәліметтерді, оның ішінде жеткізу мекен жайын нақтылау үшін сізге банк менеджері хабарласады. Сайт арқылы өтініш берген Клиентті сәйкестендіру жеткізу кезінде жүргізіледі. Картаны банкоматта бірінші рет қолданғаннан кейін кедергісіз пайдалана беруге болады. Алматы бойынша жеткізу мерзімі шамамен 2 күн, Қазақстан бойынша 10 күнге дейін.

https://www.atfbank.kz/phys/cards

Жалпы алғанда, банк карталарын және басқа банк өнімдерін пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін есте сақтау қажет: PIN-код, CСV-код, сондай-ақ өзіңіздің жеке деректеріңізді ешкімге бермеңіз. Тек тексерілген интернет-дүкендерде онлайн сауда жасаңыз. Қосымша қауіпсіздік үшін екі факторлы идентификация орнатыңыз және SMS немесе интернет банкинг арқылы қаражаттың жұмсалу жүйесін қадағалап отырыңыз.

Карталық өнімдерді пайдалану шарттарын қаржы ұйымдарының менеджерлерінен егжей-тегжейлі сұрап біліңіз.

Дереккөз: Baq.kz