$ 498.34  519.72  4.85

Кореяның әуежайында есі ауысып жүрген қазақ қыздың туыстары Шымкенттен табылды

«Ол есін жоғалтып, өзі туралы ештеңе айта алмайды. Аты кім екенін, қай жерде жұмыс істегенін немесе студент пе, ол жағын білмейді» деп жазған оны көрген әйел.

Кеше facebook желісіндегі топтарға Оңтүстік Кореяның Инчхон әуежайында есін жоғалтқан қазақстандық қыздың суреттері жарияланған еді. Оны Елена Просянникова атты әйел жолықтырған, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Әуежайда жиналып тұрған орыстарға бір қыз келіп, жағдайын айтты. Ол есін жоғалтып, өзі туралы ештеңе айта алмайды. Аты кім екенін, қай жерде жұмыс істегенін немесе студент пе, ол жағын білмейді. Үсті-басы таза, қаңғыбас емес секілді. Мүмкін оны немесе туыстарын танитындар бар шығар? Хабарласыңыздар» деп жазған Елена Просянникова.

Сондай-ақ, жазбасына қыздың өзі мен төлқұжатының суретін де жүктеген болатын. Құжатта ол 1998 жылы туған Гүлмира Сафидина деп көрсетілген.

Қазір Instagram желісіндегі dobryaki_shymkenta_ парақшасына ол қыздың туыстарының Шымкенттен табылғандығы туралы сүйінші хабар жарияланып отыр. Онда атап көрсетілгендей, Гүлмира Сафидинаның анасы Кореядағы Қазақстан елшілігіне хабарласқан. Алайда, қазіргі төтенше жағдай режиміне байланысты, ол әзір туған жеріне орала алмайды. Сондықтан елшілік қыздың денсаулығын қаратып, сол елдегі уақытша баспанаға орналастыруды уәде еткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары