$ 498.34  519.72  4.85

Мұнай өндіруді қысқарту туралы 11 сағат талқылаған ОПЕК+ елдері келісімге келген жоқ

Видеоконференция форматында өткен отырысқа Қазақстаннан энергетика министрі Нұрлан Ноғаев қатысты.
фото: neftegaz.ru
фото: neftegaz.ru

Қазақстанның энергетика министрлігінде ОПЕК+ елдерінің 11 сағаттық келіссөздеріне түсініктеме берді. Келіссөздердің нәтижесі оң болмаса да, Қазақстан болашақта ортақ шешімі қабылданатынына үміттенеді, деп хабарлайды Stan.kz.
 
ОПЕК+ отырысы видеоконференция форматында және осы одаққа кірмейтін елдердің қатысуымен өтті. ОПЕК+ елдері коронавирус пандемиясының қысымына тап болған нарықты қолдау үшін басқа мемлекеттердің қатысуымен өндіруді қысқарту туралы жаңа келісімді құруды талқылады.

"Он бір сағаттық келіссөздер нәтижесінде тараптар келісімге келе алмады. Қазақстан өз кезегінде болашақта мұнай өндіруді ұжымдық қысқарту туралы консенсусқа қол жеткізетініне деген үмітін жоғалтпайды, бұл мұнай индустриясына оң әсер етеді", - делінген энергетика министрлігінің хабарламасында.

Видеоконференция форматында өткен отырысқа Қазақстаннан энергетика министрі Нұрлан Ноғаев қатысты. Келіссөздер барысында ол Қазақстанның  өндіруді жалпы қысқартуға қатысуға дайын екенін мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары