Алматыда коронавирустан тоғызыншы адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.⠀
"Алматы қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. 1956 жылғы науқас", - делінген хабарламада.
Ал түнде Павлодар облысында коронавирустан бір науқас көз жұмған.
"Павлодар облысында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. Науқас 1936 жылы дүниеге келген. Марқұм - Павлодар қаласының тұрғыны, ол 8 сәуірде "орташа ауыр деңгейдегі ауруханадан тыс полисегментарлық пневмония, ӨОСА" диагнозымен ауруханаға түскен. Келесі күні ер адамның коронавирусқа тапсырған сынамасы оң нәтиже көрсетті. Ер адам 2016 жылы "бронх астмасы", "өкпенің обструктив созылмалы ауруы" (ӨОСА), "жүректің ишемиялық ауруы", "үшінші дәрежедегі артериалық гипертензия" және "көкірек терісінің қатерлі ісігі" диагноздарымен есепте тұрған", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Қазақстанда тағы 21 адамнан коронавирус анықталды: Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Маңғыстау облысында - 2 адам, Қызылорда облысында - 4 адам, Атырау облысында - 3 адам, Шымкент қаласында - 4 адам, Ақмола облысында - 1 адам, Қарағанды облысында - 4 адам, Нұр-Сұлтан қаласында - 1 адам.
"Қазақстандағы коронавирус бойынша 10 сәуірдің 09:00 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 226 адам, Алматы қаласында – 122 адам, Қарағанды облысында - 61 адам, Ақмола облысында - 61 адам, Атырау облысы - 45 адам, Жамбыл облысында - 45 адам, Шымкент қаласында - 31 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам, Алматы облысында - 10 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 3 адам, Маңғыстау облысында - 9 адам, Қызылорда облысында - 104 адам, Батыс Қазақстан облысында - 6 адам, Түркістан облысында - 34 адам, Қостанай облысында - 3 адам, жалпы 802 науқас тіркелді", - делінген хабарламада.