10.04.2020, 12:40

Елордада адам көп жиналатын орындарға дезинфекциялық кешендер орнатылады (ВИДЕО)

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің бастамасымен әрі қолдауымен жүзеге асырылуда.

Нұр-Сұлтанда халық көп жиналатын орындарда және ауруханалардың аумағында дезинфекциялық кешендер орнатылады, деп хабарлайды zakon.kz.

Нұр-Сұлтан қаласында он дезинфекциялық кешен орнатылады.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің бастамасымен әрі қолдауымен №3 көпбейінді балалар ауруханасында қаладағы алғашқы дезинфекциялық кешен орнатылды. Медицина қызметкерлері жұмысқа кірместен бұрын, осы тоннель арқылы өтеді.

Осындай кешендер басқа да медициналық мекемелер мен адамдар көп жиналатын орындарға қойылады.