$ 443.35  475.54  4.82

Қазақстанда тағы да 28 адам коронавирус жұқтырып алды

Жалпы 840 науқас тіркелді.
фото: kursiv.kz
фото: kursiv.kz

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 28 адам тiркелді, Нұр-Сұлтан қаласынды - 1 адам, Алматы қаласынды - 5 адам, Атырау облысында - 11 адам, Қызылорда облысында - 11 адам, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Сoronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

"Қазақстандағы коронавирус бойынша 11 сәуір 10:00-дегі эпидемиологиялық жағдай: осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 229 адам, Алматы қаласында – 128 адам, Қарағанды облысында - 61 адам, Ақмола облысында - 61 адам, Атырау облысында - 59 адам, Жамбыл облысында - 46 адам, Шымкент қаласында - 31 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам, Алматы облысында - 10 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 4 адам, Маңғыстау облысында - 9 адам, Қызылорда облысында - 116 адам, Батыс Қазақстан облысында - 6 адам, Түркістан облысында - 35 адам, Қостанай облысында - 3 адам, жалпы 840 науқас тіркелді", - делінген ресми хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, елімізді коронавирустан 64 адам жазылған, ал 10 адам осы індеттің салдарынан қайтыс болды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус