Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
12 сәуір түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с.
Осы күні Петропавл қаласында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз жел жылдамдығы – 15-20 м/с.
12 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Күндіз батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
12 сәуірде Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі.Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде жел екпіні – 15-20 м/с.
12 сәуірде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді. Осы күні Орал қаласында солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 18 м/с жетеді.
12 сәуір түнде Атырау облысының батысында батыс пен оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні – 18 м/с, күндіз 15-20 м/с дейін күшейеді. Атырауда батыс пен оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы – 15-18 м/с.
12 сәуірде таңертең және күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде нөсер жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай жарқылдап, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен күшті жел соғады.
Түркістан қаласында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с.
Шымкент қаласында таңертең және күндіз нөсер жаңбыр жауады. 12 сәуірде кей уақытта күн күркірейді, оңтүстік-батыстан соққан желдің қарқыны – 15-20 м/с.