$ 498.34  519.72  4.85

Алматы облысында төрт саяжай жабылды

Еңбекшіқазақ ауданының бас санитар дəрігері қаулы қабылдады.
фото: inbusiness.kz
фото: inbusiness.kz

Алматы облысында төрт саяжай массиві жабылды. Ол жерде КВИ жұқтырған 9 жағдай тіркелді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Сoronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

COVID-19 диагнозы расталған 11-ші пациентпен байланыста болған азаматтар провизорлық госпитальға жатқызылып, олардан сол мезетте КВИ анализі алынған болатын. Қорытындылар алынып, 9 адамның індет жұқтырғаны анықталды. Облыстық штабтың келісімімен Еңбекшіқазақ ауданындағы бірден төрт саяжай массиві - «Алтын адам», «Көксай», «Алтын алма» жəне «Береке» карантинге жабылды.

Облыс əкімінің тасырмасымен тұрғындардың тізімі жасалды, қажеттілігіне қарай олар азық-түлікпен жəне қызмет түрлерімен қамтамасыз етіледі.

Еңбекшіқазақ ауданының бас санитар дəрігері қаулы қабылдады. Қазір карантин режимін қатаң сақтауды қамтамасыз ететін қызметтер жұмылдырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары