13.04.2020, 12:00

Қарағандыда COVID-19 жұқтырған 11 жағдай тіркелді

Жалпы 972 науқас тіркелді.

Қазақстанда тағы 11 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ресми сайтқа сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 11 адам Қарағанды облысында тiркелді. "Қазақстандағы коронавирус бойынша 13 сәуір 11.10-дегі эпидемиологиялық жағдай. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 253 адам, Алматы қаласында – 172 адам, Қарағанды облысында - 76 адам, Ақмола облысында - 71 адам, Атырау облысында - 59 адам, Жамбыл облысында - 46 адам, Шымкент қаласында - 38 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам, Алматы облысында - 21 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 10 адам, Маңғыстау облысында - 10 адам, Қызылорда облысында - 119 адам, Батыс Қазақстан облысында - 9 адам, Түркістан облысында - 43 адам, Қостанай облысында - 3 адам, жалпы 972 науқас тіркелді", - делінген хабарламада.

Тегтер: коронавирус