$ 498.34  519.72  4.85

Шымкент қаласында қайтыс болған азаматтың кім екені анықталды

Науқас бұған дейін артериалдық гипертензия ауруымен диспансерлік есепте тіркеуде тұрған.

Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы коронавирустан қайтыс болған науқас туралы айтты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ол 1962 жылы туған Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Рабат ауылының тұрғыны.

Науқас 11 сәуір күні Шымкент қаласының жұқпалы ауруханасына жатқызылған. Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі транзитпен «Қарағанды-Новосбір» бағыты бойынша жол жүріп бара жатқанда ыстығы көтеріліп, дәрігер көмегіне жүгінген. 

58 жастағы азамат инфекциялық аурухананың жан сақтау бөліміне жатқызылған. Ол денсаулығының нашарлауына байланысты реанимациялық бөлімнің ЖТЖ аппаратына қосылған. 

Науқас бұған дейін артериалдық гипертензия ауруымен диспансерлік есепте тіркеуде тұрған. 

Вирус жұқтырған азаматқа емдеу хаттамасына сәйкес қажетті ем шаралары жүргізіліп, Республикалық мамандармен біреше рет кеңес жүргізілген. 

Бүгін таңғы сағат 07-лер шамасында науқас реанимациялық бөлімде қайтыс болды. Науқаспен қарым-қатынаста болған ұлы Шымкент қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауланып, стационарға жатқызылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус