Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимін созу туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен енгізілген Қазақстан Республикасының барлық аумағындағы төтенше жағдайдың қолданысы 2020 жылғы 1 мамырдағы 07 сағат 00 минутқа дейін ұзартылсын", - делінген жарлықта.