$ 444.14  477.05  4.85

Бас мүфти Рамазан айына қатысты сұрақтарға жауап берді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айының басталатын күнін белгіледі.

Мұсылмандар асыға күтетін Рамазан айы 24 cәуір күні басталады. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айының басталатын күнін белгіледі. Шариғат үкімі мен ғылыми зерттеу жұмысының қорытындысына сәйкес, мұсылмандар асыға күтетін Рамазан айы биыл елімізде 24 cәуір күні басталатын болды", - деді ол.

ҚМДБ төтенше жағдайға байланысты қасиетті Рамазан айында індеттің таралуының алдын алу мақсатында карантин мерзімінде тарауық намазын мешіттерде жамағатпен оқылмайтынын мәлімдейді. 

"Әркім тарауық намазын өз шаңырағында, отбасы мүшелерімен оқуға кеңес береміз. Біз осылай оқшаулану арқылы жұқпалы індетті жеңеміз", - деді бас мүфти.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Рамазан айы