$ 498.34  519.72  4.85

Алматылық дәрігерлер бас санитарды сотқа беретіндерін мәлімдеді (ВИДЕО)

Медициналық қызметкерлердің видеоүндеуі әлеуметтік желілер арқылы тарап, қызу талқыланып жатыр.

Карантинге жабылған Алматы қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері өздерін кінәлаған тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымованы сотқа беретіндерін мәлімдеді, деп хабарлайды Азаттық рухы.

Айтуларынша, қаланың бас санитары қауіпті індетті жұқтырған дәрігерлердің өздерін кінәлаған. «Көктем» шипажайында карантинге жабылған отыз шақты қызметкер басшылық тарапынан әділетсіздік болды деп отыр.

Медициналық қызметкерлердің видеоүндеуі әлеуметтік желілер арқылы тарап, қызу талқыланып жатыр.

«Біз бәріміз орталық қалалық клиникалық ауруханасының қызметкерлеріміз. Қабылдау және гинекология бөлімдерінде жұмыс істейміз. Бәріміз коронавирус аныталғандармен байланыста болғанбыз. Біздің анализден теріс нәтиже шықты, ал оң нәтиже шыққан әріптестерімізді инфекциялық ауруханаға алып кетті. Біз Айзат Молдақасымованы сотқа береміз. Өйткені, ол коронавирустың жұғуына дәрігерлердің өзі кінәлі деп бізді айыптады. Біз өз құқығымызды қорғап, өз ойымызда қаламыз», - деді карантинде жатқан гинекология бөлімінің меңгерушісі Гаухар Әміреева.

Алматы қалалық Орталық клиникалық ауруханасының қызметкерлері жұмыстан қуылған бас дәрігерді қайтаруды да талап етті. Есте болса, аталған аурухананың 182 қызметкерінен коронавирус анықталып, бас дәрігер Алмас Джувашев қызметтен кеткен еді. Коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлер басшыларын шұғыл қайтаруды талап етіп, видеоүндеу жариялады.

«Біз клиниканың бас дәрігері Джувашев Алмаз Болатұлын қызметінен алғанын білдік. Кеше Президентке, министрдің атына ұжымның атынан ашық хат жазып, медицина қызметкерлерімен бұлайша әрекет етуге болмайтынын айттық», - деді бөлім меңгерушісі.

Карантинде жатқан дәрігерлерден бөлек, кезекшілікте жүрген бір топ қызметкер де бас дәрігерді қайтаруды талап етті. Алматыда қалыптасқан күрделі ахуалға назар аударған Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәселенің анық-қанығын анықтауды орынбасарына тапсырды.

«Алматы қаласының Орталық клиникалық ауруханасында COVID-19 вирусының өршуі туралы: менің атымнан Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров және Комитет төрағасының орынбасары Нұрхан Сәдуақасов Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшылығымен бірге «Көктем» шипажайында карантинде жатқан емхана қызметкерлерімен кездесу өткізеді. Барлық мәселе эмоциясыз және заңға сәйкес шешілетініне сенімдімін. Менің атымнан Алматыдағы медициналық мекемелерде инфекцияның басталуын зерттеуді тәжірибелі эпидемиолог, Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігінің сапасын бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрхан Сәдуақасов жүргізеді, - деді министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#дәрігерлер