$ 498.34  519.72  4.85

«Өмір ағымы өз арнасына түседі»: Сапарбаев Үкімет қаражатын тиімді пайдалану керектігін ескертті

Олардың құрылысы Тараз қаласының Қаратау шағын ауданында, сондай-ақ Байзақ ауданының Сарыкемер және Қордай ауданының Масаншы ауылдарында жүргізілмек. Бұл орайда жергілікті әкімдіктер бөлінген қаражатты тиімді пайдаланғаны абзал.
фото: m.azh.kz
фото: m.azh.kz

Жамбыл облысының Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте аймақтың ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары саралады. Мұнан өзге, аймақтағы жергілікті атқарушы органдардың карантин жағдайындағы іс-әрекеттері және халықпен кері байланыс орнатуға қатысты мәселелерге назар аударды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Жамбыл облысының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекованың айтуынша, ағымдағы жылдың үш айында облыс бойынша 114,7 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, өнеркәсіптегі өнім көлемінің индексі 97,9 пайызды құраған. 

"Карантин ерте ме, кеш пе аяқталады. Өмір ағымы өз арнасына түседі. Сондықтан бүгінгі жағдайды тиімді пайдаланып, көрсеткіштерді қалпына келтіруге тырысу керек. Ең алдымен, жергілікті жерлердегі ахуалдың нақты көрінісіне мұқият талдау жасап алу маңызды. Бүгін не істеу керекпіз, ертең не істей аламыз? Шағын кәсіп пен халықты қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға айрықша назар аудару қажет. Бұл мақсатқа Үкімет тарапынан ауқымды қаражат қарастырылуда. Оны ұтымды ұқсата білейік. Бұл орайдағы жобалар өңір экономикасына жұмыс жасап, тұрғындардың табысын арттыруға ықпал етуі тиіс, - деді Бердібек Сапарбаев.

Өңірдің кейбір орта және шағын кәсіпорындарының тоқтап тұруына қатысты өзекті мәселелердің оңынан шешілуіне қол жеткізу қажет. Өз кезегінде кәсіпорын басшылары жұмысшыларына қамқорлық жасауы тиіс. Жалақыны арттыру мәселесі де өзекті күйінде қалып отыр. Сондай-ақ, инвестиция тарту жөніндегі жұмыстарды жандандыра түсу керек.

Бердібек Сапарбаев облыста балалар және спорт алаңдарын салу үшін "Самұрық-Қазына" қорынан қаржы бөлінгенін атап өтті. Олардың құрылысы Тараз қаласының Қаратау шағын ауданында, сондай-ақ Байзақ ауданының Сарыкемер және Қордай ауданының Масаншы ауылдарында жүргізілмек. Бұл орайда жергілікті әкімдіктер бөлінген қаражатты тиімді пайдаланғаны абзал.

Өңір басшысы жауапты тұлғаларға карантиндік тәртіптің талаптары мен шарттарын қатаң сақталуын қамтамасыз ету қажеттігін ескертті. Сонымен қатар, ол жауапты тұлғалардың назарын коронавирустық инфекциямен күресте алдыңғы шептегі медицина қызметкерлері, полиция және басқа да мамандар үшін тиісті жағдайлар жасау керектігіне басымдық берді.

Жиында ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл облыстық филиалының директоры Евгений Шарыгин сөз алып, екінші деңгейлі банктердің төлемдер мен жәрдемақы төлеу жұмыстарының мерзімі ұзартылуына қатысты шаралардан хабардар етті. 10 сәуірдегі мәліметтерге сәйкес банктерде 42500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны төлеу бойынша барлығы 43835 шот ашылған.

 Бүгінгі таңда көптеген банктерде электрондық қызметтер қолжетімді десек, бұл орайда бөлімшелерге бармай-ақ төлем карталарын және шоттарды ашуға болатындығы айтылды.
Сондай-ақ, облыста 9 сәуірден бастап "Нұр Отан" партиясының желісі бойынша "Біз біргеміз!" қорынан 50 мың теңге мөлшерінде жәрдемақы төлеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл көмекті шамамен халықтың әлеуметтік осал топтарындағы 8,5 мыңдай адам алады деп көзделуде.

Бердібек Сапарбаев мемлекеттік органдардың басшыларына азаматтардың өтініштерімен жүйелі түрде жұмыс жүргізу қажеттігін ескертті.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары