$ 498.34  519.72  4.85

Сенат төрағасы Конституциялық кеңеске өтініш жасады

Өтініште норма шығармашылық процеске, атап айтқанда, заңдарды және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді реттеу затын ажыратуға қатысты мәселелер қойылады.
фото: 24.kz
фото: 24.kz

Дариға Назарбаева Конституциялық кеңестен парламенттің қандай заңдар шығаруға құқығы бар екені жазылған Конституциядағы баптың 3-тармағын ресми түсіндіруді өтінді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, КК-нің ресми сайтына сілтеме жасап.

Конституциялық Кеңес 2020 жылғы 15 сәуірде Парламент Сенаты Төрағасының Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 3-тармағын ресми түсіндіру туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады

"Өтініште норма шығармашылық процеске, атап айтқанда, заңдарды және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді реттеу затын ажыратуға қатысты мәселелер қойылады. "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" Конституциялық заңға сәйкес Кеңестің отырысына материалдар дайындау бойынша жұмыс басталды, онда аталған өтініш мәні бойынша қаралатын болады", - делінген ресми хабарламада. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары