25 ақпанда Ақтөбе станциясындағы Ішкі істер желілік басқармасы есірткі бизнесіне қарсы бөлімінің қызметкерлері Қандыағаш станциясындағы желілік полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп жедел-іздестіру шаралары барысында «Жұрын-Қандыағаш» станцияларының өткелінде «Алматы-Атырау» бағытындағы Тальго жүрдек пойызында Жамбыл облысы Тараз қаласының 45 жастағы тұрғынын ұстады.
Тексеру барысында күдіктіден ірі көлемде есірткі заты бары анықталып, Сараптама қортындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 1 келі 971 граммды құрайтын «героин» есірткі заты екені анықталды.
Аталған факт Қандыағаш станциясының желілік полиция бөлімінде ҚР Қылмыстық Кодексінің 296 бабы 4 бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.