Ақтөбе облысында орын алған ірі жол апаты салдарынан екі полиция қызметкері қаза тапты деп хабарлайды "Диапазон" порталы. Дегенмен, облыстық ІІД аталған жайт бойынша әлі мәлімет таратқан жоқ.
Порталдың хабарлауынша, аудандық ішкі істер бөлімінің үш қызметкері бүгін таңертең жеңіл көлікпен жолға шыққан. Мәртөк тас жолымен келе жатып Кеңсахар ауылының маңында тәртіп сақшылары мінген автомобиль ауыр жүк көлігімен соқтығысып, салдарынан екі полицей сол жерде жан тапсырған. Үшіншісі - 1992 жылы туған азамат қазір ауруханада хал үстінде жатыр.