$ 498.34  519.72  4.85

Көлік полицейлері аса ірі көлемде героин тасыған күдіктіні ұстады

25 ақпанда Ақтөбе станциясындағы Ішкі істер желілік басқармасы есірткі бизнесіне қарсы бөлімінің қызметкерлері Қандыағаш станциясындағы желілік полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп жедел-іздестіру шаралары барысында «Жұрын-Қандыағаш» станцияларының өткелінде «Алматы-Атырау» бағытындағы Тальго жүрдек пойызында  Жамбыл облысы Тараз қаласының 45 жастағы тұрғынын ұстады.

Тексеру барысында күдіктіден ірі көлемде есірткі заты бары анықталып, Сараптама  қортындысына сәйкес, тәркіленген зат  жалпы салмағы 1 келі  971 граммды құрайтын «героин» есірткі заты екені анықталды. 

Аталған факт Қандыағаш станциясының желілік полиция бөлімінде ҚР Қылмыстық Кодексінің 296 бабы 4 бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары