Оқиға 25 ақпан күні орын алған. Ақтаудағы көпқабатты үйдің 5-ші қабатынан 4 жасар қыз ойнап жүріп құлап кеткен деп хабарлайды Tumba.kz.
Полицейлердің мәліметінше, сәбиді жедел-жәрдем көлігі Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына алып келген. Жансақтау бөлімінде науқас қыз есін жимай көз жұмыпты. Дәрігерлердің айтуынша, оның бас сүйегі зақымданып, миы шайқалған, ішінен жарақат алған. Осы жарақаттарының салдарынан оны аман алып қалу мүмкін болған жоқ дейді медицина мамандары.
Оқиға бойынша тексеру жүргізген полицейлер 4 жасар қыздың терезеден ойнап жүріп абайсызда құлап кеткенін анықтады.