$ 498.34  519.72  4.85

Карантинге жабылған жатақхана тұрғындары дәрігерлерге пышақ ала жүгірді

Эпидемияға қарсы шаралар түні бойы болған.
Фото: видеодан жасалған кадр
Фото: видеодан жасалған кадр

Павлодарда карантинге жабылған жатақхананың тұрғындары дәрігерлерге пышақпен шабуылдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл санитар дәрігерлер науқаспен байланыста болған тұрғындарды тексеру барысында болған.

"Әйелмен байланыста болған туыстары анықталды, алты адам болып тұрған, оның ішінде балалар бар. Бұл жатақханадағы өзге тұрғындарды санамағанда. Мұнда барлығы ортақ, бір бөлмеде тамақтанады, бір бөлмеде ыдыс жуады. Жатақханада оқшаулануға мүмкіндік жоқ. Науқас әйелмен жақын байланыста болғандардың барлығы ауруханаға жеткізілді. Бізге полицейлер көмектесті. Мас тұрғындар көп болды, олар дәрігерлермен сөйлесуден бас тартты. Дәрігерлерге пышақ ұстап жөнелді, не істемеді десеңіздерші", - деді облыстың штаттан тыс эпидемиологы Сәуле Оспанова.

Эпидемияға қарсы шаралар түні бойы болған. Жатақхананың барлық тұрғынынан сараптама алынды.

Дәрігерлердің айтуынша, алдағы уақытта әлі көп тұрғыннан сараптама алынады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары