$ 498.34  519.72  4.85

Депутаттар жалақы алудан бас тартты

Оның сөзіне қарағанда, "көптеген азаматтар жұмысынан айырылып, адамдар коронавирус инфекциясымен күресу үшін күш жұмылдырып жатқан кезде" депутаттар тасада қалмауы тиіс.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

"Қырғызстан" парламенттік фракциясының өкілдері коронавируспен күрес шараларын қолдау үшін екі айлық жалақыдан бас тартты. Бұл туралы фракция мүшесі Канат Исаев 15 сәуір күнгі парламент отырысында айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

Оның сөзіне қарағанда, "көптеген қырғыз азаматтары жұмысынан айырылып, адамдар коронавирус инфекциясымен күресу үшін күш жұмылдырып жатқан кезде" депутаттар тасада қалмауы тиіс.

"Фракциямыз сәуір және мамыр айының жалақысынан бас тарту туралы шешім қабылдады. Өзге фракцияларды да бастаманы қолдауға шақырамыз. Үнемделген қаржыны медицина және құқық қорғау орган қызметкерлеріне сыйақы ретінде беруге болады. Біз сонымен бірге үкіметті министрліктер мен ведомстволар, аймақтағы өкілдіктер, әкімдіктер, елшіліктер және тағы да басқа органдарға жұмсалатын шығынғы азайтуға шақырамыз", – деді депутат.

Жогорку Кенеш сайтындағы ақпаратқа сәйкес, "Қырғызстан" парламенттік фракциясының құрамында 18 депутат бар.

15 сәуір күнгі мәлімет бойынша, Қырғызстанда 449 адамнан коронавирус табылған, бес адам қайтыс болған. Бішкекте - 82, Ош қаласында - 71, Ош облысында - 130, Жалалабад облысында 93 адамға вирус жұққан.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары