$ 444.14  477.05  4.85

Сыр жастары «Абай салған дара жол» онлайн сайысын өткізді

Тікелей эфирді тамашалаған жастар тарапынан осындай шаралардың жиі ұйымдастырылуы туралы ұсыныстар айтылды.

Сыр тұрғындары елдегі төтенше жағдай кезінде ұлы тұлғалардың кітаптарын оқып, пайдалы істермен шұғылдануды қолға алу үстінде. Осы орайда Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалы жастарының ұйымдастыруымен «Абай салған дара жол» атты онлайн интеллектуалды сайысы өтті.

«Сайыстың негізгі мақсаты – елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты карантин жағдайында үйде отырған жастардың уақытын тиімді өткізуге ықпал ету. Ең бастысы, Сыр жастарын ұлы ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер Абай Құнанбайұлының өмір жолымен кеңінен таныстыру», - дейді «Jas Otan» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Талғат Тілес.

Онлайн сайыс инстаграм әлеуметтік желісінің тікелей эфирі арқылы жүргізілді. Эфир барысында 80-ге жуық қатысушы белсенділік танытты. Интеллектуалды сайыс кезінде Абай Құнанбайұлының өмір жолы мен туындыларына қатысты 25 сұрақ қойылды. Тартысты өткен сайыс нәтижесі бойынша сұрақтарға көбірек әрі дұрыс жауап берген 3 қатысушы қаржылай сыйақымен марапатталды.

Тікелей эфирді тамашалаған жастар тарапынан осындай шаралардың жиі ұйымдастырылуы туралы ұсыныстар айтылды. Ал, ұйымдастырушылар алдағы уақытта Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай өтетін шаралардың көп екендігін жеткізді. Онлайн түрдегі интеллектуалды сайыс алдағы апталарда жалғасатындығын жеткізді ұйымдастырушылар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары