$ 494.87  520.65  4.91

Алматының маймылдары да карантиннің біткенін асыға күтіп жүр

«Есіктен біреу кіріп келе жатқан кезде бәрі есікке қарап отырады. Бөтен біреулерді көріп қалса, секіріп, қуанып, қолдарын шапалақтайды», - дейді Шолпан Әбдібекова.
фото: iz.ru
фото: iz.ru

Карантиннің біткенін адамдар ғана емес, Алматы хайуанаттар бағындағы жан-жануарлар да асыға күтіп жүр. Олар өткен айдан бері жабық орталықта. Қазір кезекші қызметшілерден басқа жан жоқ. Бақ қызметкерлері, әсіресе, маймылдардың келушілерді асыға күтіп, күйзеліске түсіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Сонымен, тыныштыққа үйрене алмай жүрген маймылдар түрлі мінез көрсете бастапты.

«Есіктен біреу кіріп келе жатқан кезде бәрі есікке қарап отырады. Бөтен біреулерді көріп қалса, секіріп, қуанып, қолдарын шапалақтайды. Айқайлап эмоциясын, ризашылығын білдіріп жатады адамдардың келгеніне. Әрине, олар – өте көпшіл, қауымшыл, адам тәріздес маймылдар. Сондықтан да көпшілік керек», - дейді хайуанаттар бағының бөлім меңгерушісі Шолпан Әбдібекова.

Маймылдан бөлек, балықтар, мүйізтұмсықтар мен құстар да бірқалыпты тыныштықтан мезі болған. Есесіне пілдер мен керіктерге карантин майдай жаққан сияқты. Кербез жануарлар мазасын алғанды ұната бермейді дейді ондағылар. Сондай-ақ, карантинді пайдаланып, бақ ішінде жөндеу жұмыстарын да жасап жатқандарын айтты.

«Осы кезді пайдаланып, ішкі жөндеу және көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Жануарлардың көңілін көтеру үшін әртүрлі ойыншықтар да сатып алдық», - дейді бақтың ветеринар дәрігері Барфин Ахмад.

Қазір Алматы хайуанаттар бағында да санитарлық тазалық күшейтілген. Күн сайын жолдар мен қоршаулар заласыздандырылуда. Карантиннен кейін келушілерді қабылдау жұмыстарына дайындық әлден жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары