Бүгін республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек республиканың батыс, солтүстік-батыс және орталығында фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты, кей жерлерінде жауын-шашын жауады. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.
Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көтайғақ, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейіп, түнде кей жерлерінде тұман бақыланады. Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, түнде Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.