$ 494.87  520.65  4.91

Bek Air әуе компаниясы ұшуға жарамдылық сертификатынан айрылды

Пайдаланушы сертификатын және жоғарыда көрсетілген әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын алу үшін әуекомпания қайта сертификаттаудың толық рәсімінен өтуі керек.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі "Bek Air" АҚ әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификаттарын кері қайтарып алды, деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.

Компания бұзушылықтарды жою туралы бұйрықты орындамағандықтан, оператордың сертификаты қайтарып алынды.

Сондай-ақ, Bek Air компаниясының барлық Fokker әуе кемесінің 9 ұшағынан жарамдылық сертификаттары кері қайтарылды.

Пайдаланушы сертификатын және жоғарыда көрсетілген әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын алу үшін әуекомпания қайта сертификаттаудың толық рәсімінен өтуі керек.

Бұған дейін Қазақстанның авиациялық әкімшілігі бас көлік прокуратурасымен бірлесіп әуекомпанияға жоспардан тыс тексеру жүргізген болатын. Ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін өрескел заң бұзушылықтар анықталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары