Әлеуметтік желіде бірнеше қымбат көліктің тойға бару үшін блокбекеттен еш кедергісіз өткені түсірілген видео тарап жатыр. Полиция осы видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Видеоны сондағы көліктердің бірінде отырған адам жариялаған. Видеода бірнеше көліктің кедергісіз блокбекеттен өтіп жатқаны көрінеді. Ол көліктердің қай жаққа бара жатқанын барлығын түсіріп отырған.
Кейінірек видеодан көліктегі адамдардың дастархан басында отырғаны көрінеді. Полицейлер бұл жағдайы Алматы полициясының Instagram-аккаунтында жариялады.
«Бұл көліктер айыппұл тұрағына жеткізілді. Оларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Қосымша тексерістер жүргізіледі», - деді Алматы қаласы Полиция департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Аманбек.