Жекешелендірудің екінші толқыны аясында «Республика Сарайы» және «Холдинг Алматы Су» сатылымға шықпайды. Бұл туралы «Жария ету-2014» бағдарламасына арналған тікелей эфир барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары ― Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды skifnews.kz.
―Аталған екі нысанға қатысты айта кету керек, мемлекеттің 100 пайыздық иелігінде тұрған «Республика Сарайы» ЖШС сатылымға шығарылады. Бұл компания Республика Сарайына қызмет көрсетумен айналысады. Ғимараттың өзі Алматы әкімдігінің меншігінде және жекешелендірілуі тиіс нысандардың қатарына кірмейтіндіктен сатылымға шықпайды. «Холдинг Алматы Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны да ҚР Үкіметімен бекітілген тізімге енбеген, ― деді Б.Сұлтанов.
Айта кетсек, жекешелендірілуге жататын мемлекеттік нысандардың толық тізімін gosreestr.kz сайтынан көруге болады.