$ 494.87  520.65  4.91

«Бесқонақ»: 23-25 сәуір аралығында біраз өңірде жаңбыр, бұршақ және қар жауады

«Содан кейін циклонның артынан суық антициклон ығысады, ол жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының төмендеуіне алып келеді», - деді синоптиктер.

23-25 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбырдың арты қарға ұласады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігіне Солтүстік циклонның жырасы әсер етіп, арты қарға ұласатын жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде қатты жаңбыр, еліміздің солтүстік бөлігінде күшті, екпінді жел тұрады», - делінген хабарламада.

Болжамға сәйкес, 23 сәуірде кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Тіпті, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қостанай облыстарында үсік күтіледі. Ал Ақмола және Павлодар облыстарында дауылды ескерту жарияланды.

«Содан кейін циклонның артынан суық антициклон ығысады, ол жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының төмендеуіне алып келеді», - деді синоптиктер.

Болмысы табиғатпен бітеқайнасқан бабаларымыз бұл «сойқанды» ертеде-ақ «Бесқонақ» деп атап, жыл сайын айналып келетін күндеріне дейін болжап отырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары