23.04.2020, 12:00

COVID-19 жұқтырған жиырмасыншы науқас қайтыс болды

Фото: ашық дереккөз
Бүгінге дейін Алматы қаласында қауіпті індеттен көз жұмғандардың саны 6 адамға жетті.

Республика бойынша қауіпті індеттен қайтыс болғандар саны 20-ға жетті, деп хабарлады  Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол - 1964 жылы туған әйел адам. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады. Бүгінге дейін Алматы қаласында қауіпті індеттен көз жұмғандардың саны 6 адамға жетті. 

Республика бойынша қауіпті індеттен қайтыс болғандар саны 20 адам:

Нұр-Сұлтан қаласы – 2

Алматы қаласы – 6

Шымкент қаласы – 3

Ақмола облысы – 4

Шығыс Қазақстан облысы – 1

Қарағанды облысы – 1

Қостанай облысы – 1

Павлодар облысы – 1

Түркістан облысы – 1

Алматы қаласында коронавирус жұқтырғандардың саны 735-ке жетті, ал індеттен айыққандардың саны - 88.