$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны қашан басталады?

Кездесуде Елжан Біртанов Жұқпалы аурулардың ғылыми орталығы ашылуы мүмкін екенін айтты.

Коронавирустың екінші толқыны күзде басталады деп болжанып отыр, ал Қазақстанда ол тұмау эпидемиясымен тұспа-тұс келеді. Отандық эпидемиолог ғалымдар денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қатысуымен өткен бейнеконференция барысында осындай болжам жасады, деп хабарлады "Еуразия" бірінші арнасы. 

Сарапшылардың пікірінше, тұмауға қарсы вакцинаны мүмкіндігінше көп адам алуы тиіс, бұл өте маңызды.

"Маусымдық болжамды әзірге ешкім жоққа шығарған жоқ, дегенмен маусымдық – бұл тұмау маусымы сияқты қатты болмайды. Індет жазда да, күзде де жалғасады деген болжам жасалып отыр", - деді Асфендияров атындағы ҚҰМУ-дің зерттеу қызметі жөніндегі проректоры Бауыржан Жүсіпов.

Қазақстандық ғалымдар COVID-19 инфекциясын зерттеу үшін биоматериал банкін құруды сұрады.  

Кездесуде Елжан Біртанов Жұқпалы аурулардың ғылыми орталығы  ашылуы мүмкін екенін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус