Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 45 адам тіркелді, оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында – 5, Алматы қаласында – 8, Шымкент қаласында – 6, Қостанай облысында – 2, Павлодар облысында – 4, Түркістан облысында – 4, Батыс Қазақстан облысында – 6, Атырау облысында – 2, Ақмола облысында – 2, Маңғыстау облысында – 1, Қарағанды облысында 5 адам бар. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайты хабарлады.
Алматы қаласында 1 адам коронавирус инфекциясынан көз жұмды. Науқас 1957 жылы дүниеге келген.
Осымен Қазақстанда барлығы 22 адам қайтыс болды.
Қазіргі таңда елімізде қауіпті індет жұқтырғандар саны 2334 адамға жетті.
«Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 433 адам, Алматы қаласында – 764 адам, Қарағанды облысында - 108 адам, Ақмола облысында - 85 адам, Атырау облысында - 84 адам, Жамбыл облысында - 98 адам, Шымкент қаласында - 139 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 15 адам, Алматы облысында - 69 адам, Ақтөбе облысында - 55 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 30 адам, Павлодар облысында - 62 адам, Маңғыстау облысында - 20 адам, Қызылорда облысында - 161 адам, Батыс Қазақстан облысында - 92 адам, Түркістан облысында - 81 адам, Қостанай облысында - 38 адам, жалпы 2334 науқас тіркелді», - делінген хабарламада.