$ 494.87  520.65  4.91

«Біз жамағатқа үйлерінде ауыз ашуға кеңес береміз» - бас имам (ВИДЕО)

Осыған байланысты біздің мешіттерімізде кешкі тарауих намаздары, мешітке жиналу, жұма намаздарын өткізу әзірге уақытша тоқтатылып отыр.

Биыл еліміздің мешіттерінде төтенше жағдайға байланыста ауызашар рәсімі болмайды. Рамазан айында ауызашар беруге ниеттеніп, сауап жинауға асыққан жандар қайтпек? Ұлық айда Алматыда қандай қайырымдылық шаралары атқарылады? Осы сауалдарға жауап алу үшін Almaty.tv арнасында тікелей байланысқа шаһарымыздың орталық мешітінің бас имамы Еркінбек Шоқай байланысқа шығып отыр.

– Еркінбек мырза, осы Рамазан айында Алматы қаласы бойынша қандай қайырымдылық шаралары ұйымдастырылатын болады?

– Әрине, биылғы оразаның жағдайы да, Рамазан айының өту форматы ерекше болып тұр. Себебі елімізде осындай төтенше жағдай жарияланған карантиндік режимнің кезінде біз оразамызды ұстап, рамазанды өткізейін деп отырмыз. Осыған байланысты біздің мешіттерімізде кешкі тарауих намаздары, мешітке жиналу, жұма намаздарын өткізу әзірге уақытша тоқтатылып отыр. Осы карантин кезеңі басталғалы бері Алматы қаласы мешіттері  қайырымдылық шараларына белсенді атсалысып келе жатырмыз. оның барлығы біздің Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің бастамасымен «Жүрек жылуы» атты республикалық қайырымдылық керуені жарияланған болатын. Әрине біз Рамазан айында осы шараларды ары қарай жалғастыратын боламыз. Бұл қайырымдылық шараларының аясында таратылатын азық-түлік себеттері курьерлік компаниялар арқылы, солардың қызметі арқылы іске асайын деп отыр. Себебі карантин өзіміздің волонтерлардың, өзіміздің қызметкерлердің үйлеріне баруына мүмкіндік бермейді.

– Осы айда адамның көбі ауыз аштырып, сауап жинауға асығады ғой. Ондай жандар не істесе болады?

– Әрине, біз әдеттегі жағдайда, былтырғы рамазанда мешіттердің жанында үлкен ауызашар дастарханын жаятынбыз. Бір күннің өзінде қаланың мешіттерінде 9-10 мыңға жуық жамағаттарымыз келіп ауыз ашатын. Бірақ биылғы жағдай басқаша. Биыл карантиндік режимнің талабы бойынша мешіттерге жиналуға рұқсат болмағандықтан ауызашар дастархандар мешіттердің жанында жайылмайды. Біз бүкіл жамағатқа, тұрғындарға үйлерінде ауыз ашуға кеңес беріп отырмыз. Сонымен қатар, қайыр жасайын, ауызашу деген үлкен сауапты іс қой, ауыз аштырайық, сауап алайық деген кісілердің арнайы мейрамханалар арқылы үйге жеткізіп беру қызметі арқылы ұйымдастырамыз деп жоспарлап отырмыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары