$ 448.89  477.93  4.76

«Бұл - рухани тұрақтылықты тексеретін уақыт» - Дариға Назарбаева

Бүкіл адамзат коронавирус пандемиясымен күресіп жатқан қиын-қыстау күндері барлық қағидаларды ұстану және денсаулықты сақтау маңызды болып қала береді.
фото: tobolinfo.kz
фото: tobolinfo.kz

ҚР Сенат төрайымы Дариға Назарбаева қазақстандықтарды қасиетті Ораза айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қазақстан мұсылмандарын қасиетті Ораза айының келуімен құттықтаймын!

Бұл – айлардың ұлығы, барша мұсылман қауымын тазаруға бастайтын, сенімін нығайтатын, рухани тұрақтылықты тексеретін уақыт.

Бүкіл адамзат коронавирус пандемиясымен күресіп жатқан қиын-қыстау күндері барлық қағидаларды ұстану және денсаулықты сақтау маңызды болып қала береді. Ораза қиын кезде қуаныш пен бақыт сыйлайды, тыныштық пен сабыр береді, сенімді нығайтады деп үміттенемін.

Барлық қазақстандықтарға рухани келісім, мықты денсаулық және береке тілеймін", - деді Д.Назарбаева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары