$ 494.87  520.65  4.91

«Карантин режимі енгізілуіне байланысты спорттық шараларға бөлінген қаржы үнемделді» - министр

Расында да, бөлінген қаржы оңтайландырылып, республикалық бюджетке қайтарылды.
фото: 24.kz
фото: 24.kz

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова төтенше жағдайға байланысты көптеген мәдени іс-шара тоқтатылғанын және бөлінген қаржыны қайтарып бергенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

"Карантин шараларына байланысты үнемделген қаражат туралы айтар болсақ, бұған дейін айтқанымдай жоспарланған мәдени және спорттық іс-шаралар болмай қалғанын білесіздер. Тіпті, бүкіл әлем бойынша ірі спорттық дода саналатын жазғы Олимпиада ойындары, Параолимпиада ойындары да кейінге шегерілді. Әлем чемпионаттары да жоспарлы мерзімінде өтпей қалды. Қазіргі таңда біздің спортшылар үйде жаттығуда. Карантин режимі енгізілуіне байланысты спорттық шараларға бөлінген қаржы үнемделді. Қазір спортшыларымыз үйде дайындалып жатыр. Мәдени іс-шаралар да онлайн режимге ауысты. Расында да, бөлінген қаржы оңтайландырылып, республикалық бюджетке қайтарылды", - дейді министр.

Ол сонымен қатар, карантин кезірде "Қазақфильм" киностудиясы "Қазақ киносының алтын қоры" жобасы аясында 1938-2020 жылдар аралығында түсірілген 60-тан астам фильмді YouTube арнасына жүктегенін айтты.

"Бүгінгі күні осы Youtube арнасындағы көрермен саны 10 миллионнан асқанын айта кету керек. Ал әр демалыс күндері КТК телеарнасының "Домашний сеанс" киномарафоны аясында 15 жыл ішінде түсірілген үздік қазақстандық картиналар 24 мамырға дейін көрсетіледі. Бұдан басқа министрліктің бастамасымен "Қазақфильм" АҚ қорындағы 223 ұлттық фильм Хабар, Qazaqstan, Еларна, Kazakh TV, КТК, Жетісу телеарналарына ақысыз негізде беріліп отыр", - деді Ақтоты Райымқұлова.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары