Елордада тағы бір адам індеттен қайтыс болды. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Жаңа ғана сағат 10.40-та тағы бір азамат көз жұмды. Ол Ресей азаматы екені туралы ақпарат түсті. Марқұмның отбасына көңіл айтамыз", - деді ол онлайн брифингте.
Көз жұмған әйел 64 жаста. 15 сәуірде жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген. Жағдайы ауруханаға түскен кезден бастап ауырлаған.
"Жансақтау бөліміне жатқызылып, жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылды. Коронавирустан бөлек, екіжақты полисегмантарлы пневмониямен, қант диабетімен ауырған", - деп атап өтті Мәкен.
Пациент клиникалық диагностика хаттамасына сәйкес ем алған.
"Кәсіби мамандардың қатысуымен күн сайын консилиум өткізілді. Алайда интенсивті терапияға қарамастан, науқаста полигорганды жетіспеушілік белгілері өршігені байқалды. Сағат 10.40-та жүрегі тоқтады", - деп түйіндеді әкім орынбасары.
Алматы қаласында да коронавирус індетінен тағы бір науқас көз жұмды.
Мемлекеттік комиссияның жедел штабының мәліметінше, марқұм 1945 жылы туған.
Осылайша Қазақстанда коронавирус індетінен барлығы 24 адам қайтыс болды:
Соңғы мәлімет бойынша вирусты 2334 адам жұқтырып, оның 568-і жазылып шықты.