Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың саны 2416-ға жетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
"Қазақстандағы коронавирус бойынша 24 сәуірдің 23:00 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай. Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 40 адам тіркелді, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында - 8, Батыс Қазақстан облысында - 7, Павлодар облысында - 10, Атырау облысында - 4, Қызылорда облысында - 3, Шығыс Қазақстан облысында - 1, Түркістан облысында - 4, Шымкент қаласында - 2,
Алматы облысында - 1", - делінген хабарламада.
Осылайша Қазақстанда жұқтырғандардың жалпы саны 2416-ға жетті.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 446 адам, Алматы қаласында - 787 адам, Қарағанды облысында - 108 адам, Ақмола облысында - 88 адам, Атырау облысында - 88 адам, Жамбыл облысында - 101 адам, Шымкент қаласында - 141 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 16 адам, Алматы облысында - 73 адам, Ақтөбе облысында - 55 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 30 адам, Павлодар облысында - 76 адам, Маңғыстау облысында - 20 адам, Қызылорда облысында - 164 адам, Батыс Қазақстан облысында - 100 адам, Түркістан облысында - 85 адам, Қостанай облысында - 38 адам.