$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбеде басшыларға жемқорлық жасаған қызметкерлері үшін жауапты екендігі ескертілді

Мәселен, Мұғалжар аудандық полиция бөлімі бастығының кадр мәселелері жөніндегі орынбасары мен жергілікті полиция қызметінің бастығы қарамағындағы инспекторы үшін жұмыстарынан айрылған.

Ақтөбелік шенеуніктерге, жемқорлық жасаған қызметкерлері үшін басшылардың өздері де жауапты екендігі тағы бір мәрте ескертілді, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Қазір заң талабына сәйкес, сот үкімі шыққаннан кейін мұндай құқықбұзушылық болған кезде мемлекеттік қызметші 10 күн ішінде отставкаға беруі тиіс дейді облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Мирлан Мұхамбетов. Мәселен, Мұғалжар аудандық полиция бөлімі бастығының кадр мәселелері жөніндегі орынбасары мен жергілікті полиция қызметінің бастығы қарамағындағы инспекторы үшін жұмыстарынан айрылған. Ол әкімшілік хаттама толтырмау үшін азаматтан 40 мың теңге көлемінде пара алып, оны кейін 30 есе көлемінде қайтарып берген болатын. Ал жалпы елде жемқорлыққа қатысты қылмыстық жаупкершілікке 417 тұлға тартылған. Оның 80-нен астамы – республикалық, облыстық, қалалық және де аудандық деңгейдегі басшылар.

"Енді осы заңға сәйкес жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта сот үкімі күшіне енгеннен кейін бірқатар саяси қызметкерлер отставкаға беруге тиіс деген ақпарат бар. Қазір біздің өндірісімізде қылмыстық істер бар. Ол қылмыстық істер аяқталғанннан кейін, сот үкімі шықаннан кейін шешім қабылданады деп айтуға болады", - деді облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Мирлан Мұхамбетов.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары