$ 498.34  519.72  4.85

«Балаларға ересектер тарапынан тәртіп белгілеуді сұраймын» - Бекшин

Соңғы тәулікте 31 жаңа жағдай тіркелді.

Алматының бас санитар дәрігері қала тұрғындарын карантин ережелерін қатаң сақтауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, соңғы уақытта 14 жасқа дейінгі 40 бала коронавирус жұқтырған. 

"Үйден шығуға, балаларды жіберуге болмайды. Кешке немесе басқа кезде болсын айырмашылық жоқ. Коронавируспен күресудің ең тиімді тәсілі өзіңді оқшаулау. Соңғы уақытта 14 жасқа дейінгі 40 бала коронавирус жұқтырған. Бұл балалардың кешкі уақытта ата-анасыз далаға шығып, ойнауға болмайтын жерлерде жүретінін көрсетеді. Сондықтан бұл мәселеге мән беру қажет. Балаларды бақылауға алып, бұл тұрғыдан ересектер тарапынан тәртіп белгілеуді сұраймын", - деді Бекшин.

Айта кетейік, Алматыда коронавирус жұқтырудың 793 адам бар. Олардың 90-ы сауығып шықты. Соңғы тәулікте 31 жаңа жағдай тіркелді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#карантин