Солтүстік Қазақстан облысына Ресейдің Түмен қаласынан 145 студент келді, деп хабарлады облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ведомствоның хабарлауынша, шекарада 77 студент тексерілген (оның 54-і Солтүстік Қазақстан облысынан, 15-і Қарағанды облысынан, 5-і Түркістаннан, 2-і Алматы облысынан және 1-і Шымкент қаласынан).
"Студенттердің барлығы Петропавл қаласы мен облыс аудандарындағы карантиндік ауруханаларға орналастырылды. 25 сәуірдегі жағдай бойынша азаматтардан алынған COVID-19 зертханалық сынамасының нәтижелері теріс болып шықты. Қазіргі уақытта олардың қатарындағы кейбір азаматтар үй карантинінде оқшаулануда", – делінген баспасөз хабарламасында.
Солтүстік Қазақстан облысының шекаралас аймақтарында тұратын қалған 68 студент тұрғылықты жеріне жіберіледі және міндетті түрде тексеріліп, үй карантиніне орналастырылады.
Айта кетейік, бұған дейін Омбыдан студенттер Петропавлға келген болатын. Зертханалық зерттеулер нәтижесі олардың арасында коронавирус жұқтырғандар жоқтығын көрсетті.