$ 494.87  520.65  4.91

Ресейдің 874 әскери қызметкері коронавирус жұқтырған

Қауіпті індет басталғалы 747 адам осы вирустан көз жұмған.
фото: militaryarms.ru
фото: militaryarms.ru

 Наурыздың басынан сәуірдің 26-сына дейінгі аралықта Ресейдің 874 әскери қызметкерінен коронавирус табылған. Бұл туралы  Baq.kz, Ресейдің Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Коронавирус жұқтырғандардың төртеуінің жағдайы ауыр, он бесінің жағдайы орташа. 320 адам ауруханаға жатқызылған, қалғандарын аруханада жатқызудың керегі болмаған.

Бұл – Ресей Қорғаныс министрлігінің COVID-19 жұқтырғандар жайлы алғашқы мәліметі.

Министрліктің мәліметінше, коронавирус 779 курсант пен жоғары әскери оқу орындарының тыңдаушыларынан, жоғары оқу орындарына дейінгі әскери оқу орындарының 192 оқушысы мен оқытушысынан және Ресей қарулы күштерінің 245 азаматтық қызметкерінен табылған.

Ресейде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 26 сәуірде 80 949 адамға жетті. Бір тәулікте 6 361 адамнан табылған. Қауіпті індет басталғалы 747 адам осы вирустан көз жұмған.

 Наурыздың басынан сәуірдің 26-сына дейінгі аралықта Ресейдің 874 әскери қызметкерінен коронавирус табылған. Бұл туралы  Baq.kz, Ресей Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Коронавирус жұқтырғандардың төртеуінің жағдайы ауыр, он бесінің жағдайы орташа. 320 адам ауруханаға жатқызылған, қалғандарын аруханада жатқызудың керегі болмаған.

Бұл – Ресей Қорғаныс министрлігінің COVID-19 жұқтырғандар жайлы алғашқы мәліметі.

Министрліктің мәліметінше, коронавирус 779 курсант пен жоғары әскери оқу орындарының тыңдаушыларынан, жоғары оқу орындарына дейінгі әскери оқу орындарының 192 оқушысы мен оқытушысынан және Ресей қарулы күштерінің 245 азаматтық қызметкерінен табылған.

Ресейде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 26 сәуірде 80 949 адамға жетті. Бір тәулікте 6 361 адамнан табылған. Қауіпті індет басталғалы 747 адам осы вирустан көз жұмған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары