$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда 97 жастағы кейуананың өліміне коронавирус себеп болмаған

Қазақстанда коронавирус инфекциясының салдарынан 25 адам көз жұмды.
фото: coronavirus2020.kz
фото: coronavirus2020.kz

 Жақында Алматыда 97 жастағы науқастың вирустан қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған болатын. Дегенмен, кейіннен денсаулық сақтау министрлігі оның өліміне коронавирус себеп болмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Бұған дейін хабарланғандай, өлім ми қан айналымының бұзылуынан туындаған қайтымсыз табиғи салдардан болған. Коронавирус  инфекциясы басқа да бірқатар ауыр аурулар секілді ілеспелі болды. Осыған байланысты Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жанындағы коронавирусты жұқтырған науқастардың өлім жағдайын зерттеу жөніндегі комиссия аталған өлім жағдайын коронавирустың салдарынан болды деп есептемеуге шешім қабылдады", - делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Осымен елімізде коронавирус инфекциясының салдарынан 25 адам көз жұмды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары